Жыл басы болған, мүбәрак Мухаррам айында барша мұсылмандар игі іс жасап, Жаратқанның мейірімінен үмітте. Осы мақсатта аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен, демеушілердің қаржыландыруымен Мухаррам айының құрметіне қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасыға тігін машинкалары сыйға тартылды. Сыйға тартылған тігін машинкалары қайырымдылық көрсетілген отбасылардың өз кәсіптерін ашып, отбасының кем-кетігін түгендеуге септігін тигізер деген үміттеміз.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі




12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

