"Оңалту орталығына" қайырымдылық шарасы жасалды

"Оңалту орталығына" қайырымдылық шарасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Бас Муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің, Жамбыл облысының өкіл имамы Даняр қары Жұмабаев мырзаның қала және аудан имамдарына  берген тапсырмасы бойынша, Тараз қаласындағы "Оңалту орталығында" қалалық  «Әулие-ата» мешітінің наиб имамы Баймаханов Ораз, «Шейх Зүннүн» мешітінің Бас имамы Сапарқұлов Өркен, Тоқта-бибі мешітінің имамы Алишеров Қуанышбек, «Намаз-ата» мешітінің имамы Сәрсенов Ербол атты имамдардың қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Оңалту орталығына еліміздің діни өмірінен хабар беретін газет журналдар, түрлі эстетика этикалық тұрғыдағы  діни кітаптар, күрделі жөндеуден өткен ғимаратқа жаңа кілемдер сыйға тартылды.

ҚМДБ-ның имамдарының осы бағытта атқарған әр жұмысы Еліміздің ертеңі, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жасалған қамқорлық  халқымыздың келешегінің баянды да көркем болуына қосқан үлесі, және дана халқымыздың «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген мақалына сәйкес еліміздегі қалталы азаматтарға сауап алу мақсатында жасалатын қайырымдылық істің ең көркем үлгісі деп білеміз.                           

 Өркен Сапарқұлов,

«Шейх Зүннүн» мешітінің бас имамы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: