Жамағат Бас Мүфти сұхбатын тамашалады

Жамағат Бас Мүфти сұхбатын тамашалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Хабар» агенттігінің «Көзқарас» бағдарламасына сұхбат берген болатын. «Дін және діл» тақырыбы аясында өрбіген сұхбатта Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүргізуші Ирак Елекеев пен көрермендердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, бірқатар тақырыптарды тарқада білді.

Аудандық «Қордай» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сұхбаты аудан ақсақалдарының назарына ұсынылды. Сұхбатта имамдардың біліктігі, бірлік, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының  ел ордасы Астанаға көшуі, ағымдар жайлы, қазіргі таңда өзекті болып тұрған дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы біраз жақсы ойлар айтылғаны баршамсызға мәлім.

Жиналған жамағат Бас Мүфтидің ой-пікірін тыңдап, ҚМДБ жұмысына өз разылықтарын білдіріп жатты.  Жарты сағаттық  бағдарламада  еліміздегі діни ахуалдар мен келелі мәселелер төңірегінде айтылған. Біраз тақырыпты қамтып өткен сұхбатты көрермен жұртшылығы жақсы қабылдады.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: