Өз-өзіне қол жұмсаудың зардаптары

Өз-өзіне қол жұмсаудың зардаптары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

№8 Мойынқұм колледжінің психологы Мархат Ерғазыұлының ұйымдастыруымен «Өмір -  маған берілген қымбатты сый» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге  колледж директоры Д. Кенжебеков, аудандық мешіттің бас имамы З. Исаев, Жастар орталығының директоры Е. Абасов, аудан әкімдігі жанындағы КТҚҚК мүшесі Р. Мухаева, аудандық ішкі істер бөлімінің майеры Т. Кодеков және аталған колледждің білімгерлері қатысты.

Онда М. Ерғазыұлы «суицид – тығырықтан шығар жол емес» атты баяндама оқыды. Жалпы латын тілінен аударылған да «суицид» сөзі өзіне-өзі қол жұмсау деген мағынаны білдіреді, яғни синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию.

Психолог мамандардың айтуынша , жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Әйтседе, оның барлығы бірдей мақсатына жете бермейді. Яғни, өлімге асыққан әр бір он баланың біреуі ойлаған ісін жүзеге асырса, қалғаны кейінірек әрекет етулері де мүмкін. Суицид термині негізінен бертінде пайда болғанмен, өзіне-өзі қол салу адамзатпен бірге жасап  келеді. Бұл жөнінде ислам дінінде өзін-өзі өлтіру ауыр күнә екендігі айтылады. Пайғамбарымыз «с.ғ.с.» хадистерінің бірінде: «Кімде – кім өзін-өзі қандай да бір темірмен өлтірсе , жаҺаннамда қолына темір алып мәңгі бақи өзін-өзі түйреумен болады. Ал кімде-кім у ішіп өлсе, жаһаннам отында мәңгілік у ішумен болады. Ал, кімде-кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннам да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады» - деп  өз өмірін өзі қиғандарды ақыретте не күтіп тұрғандығынан хабар береді. Өкініштісі, жұмыр жер бетінде соңғы 45 жылда өзіне – өзі қол жұмсағандардың саны 60 % - ға артқан. Ал еліміздегі дерекке келсек, жыл сайын шамамен 8 мың қазақстандық өз  өмірін өзі қиятыны мәлім болып отыр.  Осы тақырып бойынша кездесуге қатысып отырғандарға З. Исаев өз – өзіне қол жұмсаудың қаншалықты ауыр күнә екендігіне тоқталды. Онда білімгерлер суицид тақырыбы бойынша көкейлерінде шешімін таппай жүрген сұрақтарын қойып, тиісті алды. Жалпы өзін-өзі өлтіру қазіргі қоғамда үлкен мәселелердің біріне айналып отыр.

Жастардың психологиялық көз-қарастарына кері әсерін тигізіп жатқан, шетелдің түрлі компьютерлік ойындары, мән-мағынасы жоқ, түріктің, үндінің сериалдары, әлеуметтік жағдайдың төменділігі немесе кәмелет жасындағы жастардың махаббат құрбандары өзін – өзі өлтіруге әкеліп соқтыруда. Осы мәселеге мейлінше көңіл бөліп, қолға алмасақ келешек ұрпақтың болашағына кері әсерін тигізері анық.

Талғат САРЫБАЕВ

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: