Тәлімі мол тәрбие сағаты

Тәлімі мол тәрбие сағаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Төле би» атындағы орта мектепте 6-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде қалалық «Жами» мешітінің ұстазы Нұрмағанбетов Парахат уағыз айтты. Оқушыларға тәрбие отбасынан, мектеп қабырғасынан басталатынын, еліміздің болашағы жастар екенін айтып, ұлдарымыз иманды, қыздарымыз ибалы болып өссе еліміздің ертеңі және ұлтымыздың болашағы екенін айтты.

Мектеп қабырғасынан жүрегімізде Аллаға деген сенім болса жастық шақтағы үйренілген білім тайға таңба басқандай, өмірлік серік болатынын түсіндірді. Ең әуелі үйде ата-анаға, мектепте ұстаздарға құрмет көрсетіп айтқандарын екі етпеу балалық және оқушылық міндет екені түсіндірілді.

Мешіт жанынан сауат ашу курсы жұмыс істеп жатқандығын жеткізіп, үйдегі біле алмаған нәрсені мешіттен келіп үйренуге, білуге шақырды.

Оған қоса қалалық «Жами» мешітінде бесін намазының алдында және ақшам намазынан кейін күнделікті Құран сабақтары жүргізіліп, жиналған жамағатқа әртүрлі тақырыптарда аталған мешіт ұстазы Парахат Рахатұлы уағыз айтуда.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: