Рухани келісім күні - татулықтың бастауы

Рухани келісім күні - татулықтың бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

18 қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өйткені 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні. Осымен 21-ші рет елімізде аталып өтіп отырған бұл күн негізінен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы белгілеген мерекесі.

Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Білім басқармасының мәжіліс залында аталмыш күнге орай «Рухани келісім – бірлігіміздің темірқазығы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиын шымылдығын Дін істері басқармасының басшысы С. Айдапкелов ашып, өзінің құттықтауын жеткізді. Диалог түрінде өткізілген бұл басқосуда еліміздегі және облысымыздағы ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік, татулық және өзара түсінушілік жайы сөз болды.

Жиналғандар алдында «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Д.Алимұхамедұлы, мешіттің наиб имамдары Ғ.Жапек, Е.Аманбаев, сонымен қатар мешіт қызметкері А.Түсіпов және өзге де қонақтар болды.

Облысымыздың бас имамы Данияр қажы сөз сөйлеп, рухани келісім күнімен құттықтады. Наиб имам Е.Аманбаев «Жастарды рухани тәрбиелеудегі мешіттердің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.

Дөңгелек үстелді қорытындылаған Дін істері басқармасының басшысы С. Айдапкелов орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары Ғ.Жапек, Е.Аманбаевқа және мешіттің ресми сайтының администраторы А.Түсіповке келелі еңбектері үшін алғыс хат табыс етті және еліміз бен жерімізге тыныштық, облыс халқына береке-бірлік тіледі. 

Облыстық орталық
«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: