Студентер мен оқушылармен имани кездесу

Студентер мен оқушылармен имани кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Өтеген батыр» атындағы Қордай аудандық мәдениет үйінде  аудан орталығында орналасқан мектеп оқушылары және колледж студенттерімен  жиын өтті. Жиынға  аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Алиясов, ҰҚК бөлімшесінің қызметкері  А.Абенов қатысты. Мамандар өз тарапынан жастарға  діни ахуалды сипаттап беріп, кейбір келеңсіз жағдайларға тоқталып өтті. Дін маманы Б.Жүсіпов имандылық жайлы, Ислам дінінің құндылықтары жайлы сөз қозғап, уағыз айтты.Сөзін жалғастыра келе Б.Жүсіпов жастарды әр түрлі қауіпті ағымдардан сақтандырып, «псефдосәләфия», «таблиғи жамағат» сияқты ағымдардың шығу тарихымен, ерекшеліктерін сипаттап беріп, барынша сақтануға шақырды. Жиналған қауым назарына діни экстремизм жайлы деректі фильм ұсынылды.Тыңдаушылар жиыннан әсер алып қайтты.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: