Имам, молдалардың біліктілігін арттыратын семинар басталды

Имам, молдалардың біліктілігін арттыратын семинар басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық имам, молдалардың білімі мен біліктіліктерін жетілдіру мақсатында қазан айының 13 мен қараша айының 05 жұлдызына дейінгі күндер аралығында 3 күндік оқу-семинары басталды.


«Һибатулла Тарази» медресесінде білімі мен біліктілігін арттыруға келгендерге Құран, тәжуид бойынша Акмамбетов Асхат, Хадис ілімі пәнінен Жәпек Ғалымбек Ақида (сенім негіздері) пәні бойынша Нұралы Бақытұлы, Фиқһ (шариғат үкімдері) пәні бойынша Алманов Сержан, Ислам тарихы пәні бойынша Тілманбетов Танат арнайы дәріс беретін болады.

Дәл осындай семинар былтырғы жылы да өткізілген болатын. Биылғы жылы семинарға әр аудан мен ауылдардан келген имам-молдалардың саны 40-қа жетті.

Облыстық орталық
«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: