ХІІ ғасырдағы дін мәселелері ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды

ХІІ ғасырдағы дін мәселелері ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанда бүгінгі күні еліміздің діни-идеологиялық бағытын айқындау аса күрделі мәселенің біріне айналып отыр. Елімізде қалыптасқан діни ахуалдың күрделенуі осы діни-идеологиялық бағыттың нақтыланбауына байланысты туындап отырғаны шындық. Осыны пайдаланған сырттан келген діни ағымдар белсенді қызмет атқарып, өздерінің танымын қаншама адамның санасына құйып үлгерді. Бұл қазіргі қазақ қоғамының діни сенімі мен танымына қарай бірнеше бағытқа жіктелуіне ықпал етіп отыр. 

Мәселенің бұлай күрделенуіне діннің адамзат қоғамындағы ролінің аса күрделі екендігін сезінбеуден, түсінбеуден туындап отыр. Дін кез-келген адамзат қоғамының өзегі. Діннен тыс қоғамдық өмірдің бірде бір саласы жоқ. 

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ТарМу-дің «Жастар сарайында»  «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытауда берген сұхбатынан туындайтын XІІ ғасырдағы дін мәселелері туралы» облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Діни ахуалды реттеу мен жақсарту мақсатында өткізілген үлкен бұл іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы сөз астап, облыс әкімінің Дін істері басқармасының басшысы Серғали Өмірзақұлы баяндама оқыды.

Еліміздегі діни мәселелер талқыға түскен бұл жиында облыстың бас имамы Данияр Алимұхамедұлы «Діни ахуалды реттеуде дәстүрлі бағыт Ханафи мазхабының рөлі» тақырыбында маңызды баяндама оқыды.

Конференцияға «Жийде» қоғамдық қорының үйлестірушісі Бахтияр Алпысбаев, «Панорама» ақпараттық орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Жолдасбекұлы, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, сонымен қатар, облыс прокуратурасының бірінші басқармасының бөлім поркуроры Байтемиров Дастан, «Ақжол» газетінің тілшісі Гүлжан Рахман,  «Шымкент және Тараз Епархиясы Успения Божьей Матери» соборының приходы, жергілікті діни бірлестігінің протодьяконы Вадим Зайцев және басқа да көптеген зиялы қауым өкілдері қатысып, кең көлемде баяндамалар оқыды. Жалпы, конференцияда түрлі ойлар мен ұсыныстар көптеп айтылды.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан: «Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек», деген сөзі мемлекет пен діннің қарым-қатынасы мен арақатынасын қозғайтын мәселелердегі негізгі ұстанымға айналуы тиіс.

Облыстық орталық

«Һибатулла Тарази» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: