Дінге-қуат, елге-шуақ мереке

Дінге-қуат, елге-шуақ мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптаның сенбісі күні исі мұсылман қауым Құрбан айтты кеңінен тойлады. Аталмыш  мерекені асыға күткен байзақтықтар  таң атысымен  айт намазын оқуға асығып,  мешітке бет алды.  Жамағат алдында «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы   уағыз айтып, Құрбан айттың маңызын,  құрбандыққа шалынатын мал түрлеріне тоқталды,  әлеуметтік осал топ- жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, кембағал мен  жалғызілікті қарияларға  көмек қолын созу,  науқастың көңілін сұраудың маңызын сөз етті. Мұнан соң  аудан әкімінің орынбасары  С. Кенжебаев мұсылман қауымды қасиетті мереке-Құрбан айтпен құттықтады.

Жамағат Айт намазын оқып, өткенге салауат айтты, алдағы күннен береке, амандық пен тыныштықты Жаратушыдан  тілеп,  мінәжат етті. Айт намазы аяқталысымен Алланың разылығы үшін осы күні  алты  уақ,  бір ірі қара құрбандыққа шалынды.  Оның еттері  тұрмысы төмен,  көп балалы отбасыларына, зағиптар мен міскіндерге, яғни 67 отбасына  Алла разылығы үшін үлестірілді.

Бұл күні  “Байзақ баба” мешітінің   ұйытқы болуымен имандылық ордасының ауласына  тігілген алты қанат  киіз үйдің ішіне жайылған кең дастарханнан еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін дәм татты. Ұлттық ойындар:  арқан тарту, асық  ату,  гир көтеру,  қол күресінен, қазақша күрестен әрі ат үстінде  қол күресінен жарыстар өтті.   Қазақша күрестен бірінші орынды жеңіп алған  жалғызтөбелік Р. Махмутовке 10 мың теңге, бір кілем табыс етілді. Екінші және үшінші орындарды иемденген  сарыкемерлік М. Абдуллаев пен Д. Абдуллаев та  ақшалай сыйлықтарға ие болды.   Асық ату, гир көтеру, қол күресі, арқан тарту және  ат үстіндегі күрестен топ жарғандар  Грамотамен, Алғыс хатпен   марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.   

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: