Мойынқұмдағы Құрбан айт мерекесі

Мойынқұмдағы Құрбан айт мерекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесіндегі Мойынқұм ауданында 4-5 ші қазан аралығында атқарылған іс-шаралар

Құрбан айт мерекесі биыл ауданымызда жақсы деңгейде аталып өтті.Құрбан айт мерекесін дәріптейтін ақпарат мәліметтер,мақалалар он  күн бұрын дайындалып, «Мойынқұм таңы» газет беттерінде жарық көрді.Мақалада Құрбан жөнінде толық мәлімет айт намазының оқылу уақыты және қазақтың ұлттық ойындары:арқан тартыс,кір тасын көтеру,асық ату,қол күрес,көкпар ойнатылатыны хабарланды.Сонымен қатар аудан басшыларына құттықтау қағаздары жіберілді.

Мешіттің алдында және көрнекті жерлерде «Құрбан айт құтты болсын» құттықтаулар ілініп тұрды.

Айт намазында мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев уағыз-насихат айтып,Құрбан шалудың тарихына тоқталып өтті.Құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары: Б.Есеев Жапарұлы  халықты құрбан айт мерекесімен құттықтап,елімізге ауылымызға бірлік-ынтымақ тіледі.

Айт намазы оқылып болғаннан кейін құрбан шалынды.Құрбанды осы ауданның азаматтары Б.Исабеков,Ж.Шуылдақов бір-бір сиырдан барлығы 2 сиыр,6 қой құрбан шалынды.Құрбан шалынған малдың еті аудандағы кем-бағалы жандарға,көп балалы жанұяға сиыр еті 50 отбасыға,қой еті 30 отбасыға таратылды.

Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының биылғы жыл «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануына сәйкес мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев ұйымдастыруымен жастар және ересектер арасында қазақтың ұлттық ойындары:арқан тартыс,кір тасын көтеру,асық ату,қол күрес ойнатылып,ақшалай сыйлық пен марапат қағаздар берілді.Осыдан кейін аудандық атшабарда көкпар беріліп,қазандыққа салған әр көкпаршыға ақшалай сыйлықтар берілді.Жиналған жамағатқа «Жанар»мейрамханасында дастархан жайылып дәм берілді.

 

 

Құрбан айтта жасалған қайырымдылық

       Құрбан айттың үшінші күні Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі 20 балаға Құрбандық сыйлықтар жасалды.Аудан имамы айт күні әр баланың үйіне барып,ата-аналарымен жолығып ,балаларға сыйлықтарын беріп ,Құрбан айт мерекесімен құттықтап шықты.Ата-аналарда ақ тілектерін айтып,ризашылықтарын білдірді. 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: