Құрбан айт – құтты мереке

Құрбан айт – құтты мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халық дәстүрімен үйлестігін тапқан ұлағатты дініміз тәуелсіздікпен бірге түлеп, қанатын кең жайып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың парасатты, салиқалы саясатының арқасында Қазақстан экономикада, әлеуметтiк және мәдени өмiрiнде үлкен жетiстiктерге жеттi. 

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз» -деп, атап көрсетті.

Елімізде жылдан жылға мешіттердің саны көбейіп, ата-баба жолын ұстанған халқымыздың мұсылманшылықты, пайғамбарымыздың ісін қайта жаңғыртуда. Соның бір көрінісі ретінде биылғы жылы қасиетті Құрбан айт мерекесінде Қазақстанның барлық өңірінде мешіттер лық толып, айт намазы оқылды.

Киелі Талас ауданының орталығы болған Қаратау қаласының «Қаратау» орталық мешітінде жиналған көпшілікті аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев: «Құрбан айт мерекесі - қоғамда бауырмалдықты, бір-біріне жәрдемдесуді, қол ұшын беруді, рухани тұтастықты күшейтуге үндейтін мереке. Бұл – елдің ынтымақ-бірлігі, қанағаты мен қайырымдылығын арттыратын мейрам» - деп,  мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің құттықтауынан кейін ауданның бас имамы Нұрсұлтан қажы Қалдарханұлы жамағатқа уағыз айтып, айт намазының оқылу тәртібін түсіндірді.

Аудандағы  мекеме басшыларының ұйымдастыруымен айт намазынан кейін мешітке келген жамағатқа мешіттің ауласында дастархан жайылды. Аудан әкімінің атынан сиыр шалынып, тұрмыстық жағдайы төмен 90 отбасыға таратылды.

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналатын спорт түрлерін дамыту үшін көптеген істер жасалуда. «Қаратау» орталық мешітінің имамдары да бұқара халықтың арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Құрбан айттың бірінші күні гір тасын көтеруден және арқан тартудан жарыстар ұйымдастырды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар таратылды.  

«Қаратау» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: