«Құрбан айт құтты болсын»

«Құрбан айт құтты болсын»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айттың үшінші айт күні Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» ғимаратының алдында құрбан айт мерекесіне орайластырылып, аудан әкімдігінің ішкі саясат және «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен киіз үй тігіліп, мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталмыш іс-щараға Жамбыл ауданының әкімі – Р.Дәулет, аудандық маслихаттың хатшысы Р.Бегалиев, ауданының бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы және ауыл тұрғындары қасиетті құрбан айт мерекесін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаса, аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы құрбан айт мейрамының мән-мағынасы туралы уағыздар айтып, арнайы жайылған айттық дастарханға бата жасап, құран бағыштады.

Қасиетті құрбан айт мерекесінде барша мұсылман бауырларымыздың Аллаға жақындығы үшін шалған құрбандар қабыл болып елімізге тыныштық, отбасымызға амандық, келесі жылы құрбан айтқа жете беруімізге Алла нәсіп етсін!

найб имам   Абдыразақ Амірбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: