Меркі ауданында «Құрбан айт» күндері өткен іс-шаралар.

Меркі ауданында «Құрбан айт» күндері өткен іс-шаралар.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданындағы мешіттерде, бас мүфти хазреттің тапсырған ізгі іс-шаралары жоғары деңгейде және ұлттық нақышта өтті деп айталамыз. Оған көптеген негіздер бар: аудан орталығында, мешіттерде халықты тасымалдайтын №1-3-9 автобустарда «Құрбан айт құтты болсын» атты билборттар ілінді. Ауданда  жарық көретін Меркі тынысы газетіне Құрбан айт құтты болсын, ағайын! Атты мақала жарияланды.

Құрбан айт қарсаңында жергілікті зиялы қауым өкілдеріне, әкімшілік басшыларға, кәсіпкерлерге Құрбан айтпен құттықтау қағаздар жіберілді. Ауданда бұрын соңды болмаған №1-ші бағыттағы автобус аудан ішінде сағат таңғы 7-ден 10-ға шейін халықты айт намазына тегін тасымалдады. Ауа-райының жаңбырлы күніне қарамастан осындай ұйымдастыру іс-шаралардың арқасында айт намазына жиналған қара-құрым халық мешітке сыймай, мешіт асханасына, мешіт төңірегіне кілемдер төселіп, халық өте көп жиналды. Айт намазы жоғары деңгейде өтті. Жиналған халық әсіресе жастар, мемлекеттік қызметкерлер, аудан әкімшілік апараттары қатысты.

Айттың екінші күні алдын ала келісілген келісім бойынша Савва атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 70 жасөспірімдерге Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шаралар өтті. Түс мезгілінде мерекелік дастархан жайылып, құрбан етінен дайарланған ас берілді. Түс асынан кейін ұлттық ойындар арқан тартыс, гір көтеру, білек жығыс ойындары өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Қалған жасөспірімдерге де сыйлықтар үйлестірілді. Негізінде сыйлықтар киім-кешек, спорт киімдері, аяқ киімдер, қыстық курткалар, доптар шамамен 150000 (жүз елу мың) тенге. Құрбан шалған мал еттері тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты көп балалы аналарға, жетімдерге таратылды. Жалпы саны ауданға қарасты мешіттер бойынша 160 отбасы, соның ішінде орталық «Меркі-ата» мешітінен 50 отбасына берілді. Бұдан басқа 250 кг картоп таратылды. «Қайырымды ізгі кісі көгерер, ізгі кісі-халық жүгін көтерер» атты акциясы осындай аяда өтті.

Меркі ауданы «Меркі-ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: