Меркі ауданында «Құрбан айт» қарсы алдында өткен жиын.

Меркі ауданында «Құрбан айт» қарсы алдында өткен жиын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти хазреттің «Құрбан айт» мерекесін жоғары деңгейде ұлттық нақышпен өткізу үшін түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастыру тапсырмасын орындау мақсатында 30-шы қыркүйек күні, аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлім басшысы А.Ахметжанов, ауданға қарасты ауыл имам-молдалары қатысқан жиын өтті.

Тапсырмада көрсетілген іс-шараларды іс жүзінде орындау үшін ауданның бас имамы Қасымалиев имам-молдаларға тапсырмаларды талқылап, ұсыныс-пікірлер айтылып, оларға тиісті міндеттер жүктеді.

Меркі ауданы бойынша «Құрбан айт» мерекесіне орай аудандағы мешіттерге айт намазына қатысатын аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттан және мекеме басшыларынан баратын өкілдермен таныстырылды. 2015 жылға «Ислам және өркениет» газетіне «Иман» журналына жазылу мәселесіне тоқталып, ауданға қарасты мешіттердің тізімі жасалып тапсырма берілді.

Ішкі саясат басшысы Ахметжанов аудан бойынша діни ахуалға тоқталып, істеліп жатқан іс-шаралар бар, кемшілікте жоқ емес, қандай мәселе болмасын, аудан ішінде болып жатқан жағдайларға ішкі саясат бөлімі айналысатынын білулеріңіз керек. Сол себепті қандай жағдай болмасын бірлесе жұмыс істегеніміз жөн. Дін үшін жасап жатқан қызметтеріңіз жемісті болсын деп өз сөзін аяқтады. Ауыл имам-молдалары бөлім басшысына сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

аудандық «Меркі-ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: