«Құрбан айт –бүкіл мұсылман мерекесі»

«Құрбан айт –бүкіл мұсылман мерекесі»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыркүйек айының  27-күні Жамбыл атындағы мектеп- гимназиясында Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев мешіт жамағатының қариялары Әлімбетов Зияділдә,Еркебаев Күлдіманас қажы мен жоғарғы сынып оқушылар арасында кездесу өтті.

    Кездесуде оқушыларға құрбан айт мерекесі жайлы міліметтер беру  және теріс діни ағымдар жайлы мәліметтермен таныстыру.Жамбыл атындағы мектеп-гимназия директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Исмаилов Сәкен оқушыларға келген қонақтарды таныстырып өтті.             

   Бірінші сөзді Әлімбетов Зияділда ата- сөйлеп ,оқушыларды діннен ажырамауға ,діни сауаттылықты арттырып,қандай іс болса да Алланың атымен бастауға, әрқашан Алланы еске алып жүру керектігін айтып ,имандылыққа шақырды.

   Келесі сөзді Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы  Исаев Зият- оқушыларға құрбан айт мерекесі жайлы мәліметтер беріп өтті. Ибраһим (а.с.) пайғамбардың игі қасиеттері жайлы айтып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке шақырды. ҚМДБ бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп белгілегендігін айтып, соған орай ауданымызда айт күндері дәстүрлі ойындар ,іс-шаралар өтетінін айтты. Теріс діни ағымдар жайлы мәлімет беріп,діни сауаттылық болса теріс ағымдарға, теріс жолға түспейтіндігін айтып өтті.

   Еркебаев Күлдіманас қажы – Исламның бес парызының бірі болған,қажылық сапары жайында сөз қозғады.Қасиетті Мекке және Мәдина қалаларында қажылық кезіндегі алған әсерлерін айтып өттіп,оқушыларды  жақсы нәрсеге үйір болуға шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: