Үш күндік сапар үмітті үкіледі.

Үш күндік сапар үмітті үкіледі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз бұрнағы жарияланымда Шу ауданына облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы мен дінтанушылар келгенің жазған болатынбыз. Аталған ақпараттық-насихат тобымен ҚМДБ жалпы және жастар бөлімінің Жамбыл өңірі бойынша өкілі, Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы Аманбаев келген-тін.
Шу мекеніндегі сапарында Ержан Маханұлымен бірге аудандық мешіттің бас имамы Қуандық Мұсаев пен қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Үрпеков бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұқбаттасты. № 10 Шу колледжі мен Алмас гуманитарлық колледжі білімгерлерімен кездесті.


Дидарласу барысында тұрғындар мен білімгерлер көкейдегі сауалдарын қойып, оған қанағатанарлық жауап алды. Көпшіліктің ойынша бұл сәті түскен түсіндіру жұмысы болды. Облыстан келген меймандардың жандарынан табылған ауыл молдалары да қажетті ақпаратқа қанық болды.


АНТ өз жұмысы бойынша 1500 адам яғни 16 аудиториямен кездесіп, 300-ге тарта сауалнама жүргізді. Мұнда жергілікті халық бірсыпыра ойларын осы сауалнамада жеткізген екен.


Сұрақтың басым көпшілігі мұсылман дінің ұстанушы қыздардың мектеп пен жұмыста орамал тағуы, сақал мәселесі болғандықтан наиб имам тарапынан дәстүрге сай, қазақы қалыпқа сай және Ата заң аясында жауап берді.
Бүгінгі таңда белсеңді қозғалып жүрген «ИГИЛ», «Хариджия», «Хизбут Тахрир» мен «Таблиғи жамағат» «Ихуан әл-Муслимин» сынды қолына қару алып мемлекет билігіне жайғасқысы келетін, дүбәрә дүниені дінмен байланыстыратын, белгісіз топтың мүддесін күйіттейтін экстремистік топтар жайы да сөз болды.
Олардың анығырақ тану үшін Құран және Сүннеттен сусындап, тектілікке негізделген дәстүр-ғұрыпқа лайық жан болу. Әрбір ұлт оның ішінде, қазақ халқы қалбын дін яғни ата дін Ислам деп білгендіктен, бүгінгі күні беймәлім ағымдар жұртты әбігерге салуда бұл үшін тиісті жұмыстар жасалып, игі нәтижеге үміт арту керектігін нұсқаған АНТ жұмыс аяқталды.

Шу аудандық «Төле би»

мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: