Меркі ауданында экстремизм мен терроризмге қарсы ұйымдастырылған іс-шара

Меркі ауданында экстремизм мен терроризмге қарсы ұйымдастырылған іс-шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан орталығында және елді мекенде орналасқан орта мектептерде жат ағымдардың алдын алу мақсатында аудан және ауыл имам-молдалардың қатысуымен алдын ала даярланған кесте бойынша жиындар өтуде. Осындай іс-шара 24-ші қыркүйек күні №9 Савва мектебінде 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздар арасында өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырған және жұмыс жүргізген орталық «Меркі-ата» мешітінің найб имамы Жанықұлов Нұрбек, Сарымолдаев ауыл округ әкімінің орынбасары. Әкім орынбасары қысқаша баяндама жасап, елді мекендегі діни ахуалға тоқталып, қазіргі таңда жастарымыздың келешегі әркімді болса да ойландырып, сол жастарымыздың келешегі жарқын, тыныш заманда алаңдамай өмір сүру үшін біз аянбай осы күннен бастап тыныштығымызды көре  алмай түрлі жаман қылықтарға барып жүрген ниеті бұзықтармен әркезде күресуіміз керек.

Ауданымыздың найб имамы Жанықұлов Нұрбек терроризм мен экстемизмнің ойлаған мақсаты не, олар не үшін осындай іс-әрекетке баруда, осы жөнінде уағыз айтты. Жат ағымдардың жетегінде кетпес үшін дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтарымен таныстырып өтті. Кейбір ата-аналар балаларын дін мәселесімен байланыспай еркін жүрсе екен дейтіндер бар. Негізінде бұл түсінік дұрыс емес. Адам баласы болғансоң өзінің жаратушысы кім екенін, мұсылманмын деген соң өз дінін білу керек болады. Ата-ана өз баласына осы нәрсені үйретпесе, бойындағы рухани күш қандайда бір сенім мен нанымға жетелейді. Жиын соңында сұрақ-жауап болып, бата беріліп тарқасты.

Меркі ауданы, «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: