Дінге дұрыс көзқарас қажет

Дінге дұрыс көзқарас қажет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәрсенбінің сәтінде «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында  Жамбыл  облысы  әкімдігі Дін істері басқармасының ұйымдастыруының «Мемлекеттің дін саласындағы саясатын іс-жүзіне асыру барысындағы ізденістер мен проблемалар» атты тақырыпта  аудан тұрғындарымен кездесу өткен болатын. Басқарма басшысы  С.Ө.Айдапкелов бастаған насихаттық түсіндіру тобында   облыс әкімдігі жанынан құрылған «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» директоры Г.Мамешова,  облыстық һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев  пен  «Жийде» қоғамдық қоры үйлестірушісі Бақтияр Алпысбаев, «Панорама»  ақпарат орталығы» ҚБ төрағасы Бауыржан Мұрбеков, «Болашақ» ҚБ төрайымы Галина Қалиева, «Гуонлен» жастар орталығы» ҚБ төрағасы Рашид Бакиров және бір топ білікті мамандар шоғырланды. Кездесуді аудан әкімі Б.Нұркенов ашып жүргізді. Онан кейін модераторлық міндетке  Серғали Өмірзақұлы кірісті.

    Түсіндіру тобын ұйып тыңдаған мешіт молдалары, ұстаздар мен жастар және аудан тұрғындары тұшымды мәлімет ала білді. Облысымызда 1 млн  аса тұрғын бар, соның 71 пайызы мұсылман солар үшін  200 ден астам мешіт қызмет етеді-деп  Серғали Айдапкелов  аудиториямен толыққанды ақпарат бөлісті.  Кезек-кезегімен сөйлеуге мұрсат алған  қоғамдық бірлестік өкілдері облыс көлемінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруда қызмет жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың негізгі мақсаттары мен бағыттары туралы толық мәлімет берді.

-Баба дәстүріне  қарсы келмейтін, ел тұтастығына сына қақпайтын дін ұстанушыларға әркез қолдау бар. Сондай-ақ азаматтардың дін ұстану немесе ұстанбауда конституциялық құқы бар. Алайда  мемлекеттік билікті құрықтауда діни қағидаттарды алға тартып, арам пиғыл таңытатын ағымдар  әр сәт мемлекет назарында. Олардың жымысқы әрекеті еш құпталмайды. Оны Елбасы Ұлытаудағы ұлағатты сұқбатында айтқан-тын. Діни ағымдардың арбауына түспес үшін терең түсінік пен  дін жөнінде білім керек-деген  басқарма басшына жиналғандардан бірді екілі сауалдар берілді.

Сауалдар сауатты қойылғандықтан жауап та осы сипатта өрбіді. Атқарылған жұмыстар мен жоспардағы шаруалар жайын таныстырған басқарма басшысы  қыркүйектің 24-26 күндері жоғарыда аталған ғимаратта ашық есік ұйымдастырылып, қабылдау өткізілетін және белгілі ауылдар мен кейбір ұжымдарда кездесу өтетінің мәлімдеді. Ақпараттық насихат тобының құрамы ауқымды екенің айтып көпшілікті құлағдар етті.

Байжан Емберді

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: