Ауыл молдаларымен кездесу.

Ауыл молдаларымен кездесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданға қарасты ауыл мешіттерінің молдалардың қатысумен жиналыс болып өтті. Жиналысты Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ашып жүргізіп отты. Кездесу барысында ҚМДБ-нің Жамбыл облысы өкілі Данияр Әлмағанбетұлының тапсырмасына сәйкес ҚМДБ-ның төр бағытта жұмыс жасау, мешітте бес уақыт намаз оқу , мешітке келген уағыз айту, жылы қарсы алу, мешіттердің тазалығы және қысқы мезгіліне дайдын туралы тапсырмалар берілді. Ауданға қарасты мешіттердің аудандық Салық басқармасына қарыз болмау және мешіт құжаттарын заңдастыру туралы сөз болды.

ҚМДБ-ның төрағасы бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесін ұлттық салт-дәстүрмен үштастырып, аудан көлемінде атап өтіліуі туралы нақты тапсырмалар берілді.

 

Орындаған: Жамбыл ауданы «Бәйдібек»

мешітінің наиб имамы Әмірбеков Әбдіразақ.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: