Меркі ауданында өткен семинар-кеңес.

Меркі ауданында өткен семинар-кеңес.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетуіне қарсы біртұтас шеп мемлекет құруға тиіс деген сөзінің негізінде облыс көлемінде «Шекара аймақтарында орналасқан елді мекендеріндегі тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбындағы семинар-кеңес ауданның Мәдениет сарайында өтті.

Семинар –кеңеске облыстан, ҚР.ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы подполковник Қанат Мұратәліұлы Наурызбаев, ҚР.ҰҚК шекара қызметінің №2038 әскери бөлімінің майоры Ерік Нұрәлімұлы Усенов, Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Науатбек Серпенұлы Қалымбетов, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, білім, діни істер, ішкі саясат бөлімше басшылары, Тараз мемлекеттік университет дінтанушылары, ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы Жұмабаев, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істер басқармасының басшысы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов қатысты.

Семинар-кеңес отырысының ашылу салтанатын облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы семинарды ашық деп жариялады.

Семинардың негізгі тақырыбы экстемизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қандай іс-шаралар жасау керек, осы тұрғыда олардың көздеген мақсаты жайлы, дін мәселесінде олардың алар орны, қандай жұмыстар істеліп жатқандығы туралы, жауапкершілік міндеттелген әр сала өз ой пікірлерін ортаға салып, кеңесті.

Айтпасада белгілі, қазіргі таңда жат ағымдардың іс-әрекетін Ислам дінімен байланыстыру аққа қара таңба жаққандарды ауыздықтау әрқашан дін қызметкерлерінің міндетті деп жүргендер жоқ емес.

Осы тақырып аясында дініміздің жанашырлары ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы бұл тек имам-молдалар емес мемлекет болып, соның ішінде тікелей еліміздің қауіпсіздігіне жауапты салалармен бірлесе күрескеніміз жөн. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Қазақстан аймағындағы мешіттердің имам-молдаларына берген 4 бағыттағы тапсырмасында  теріс ағымдармен жұмыс істеу бойынша апта сайынғы есебі, облыстағы дінтанушы мамандардың қоғам арасында жүргізіп отырған уағыздары, бүгінгі таңда күрделі мәселеге айналған бұл дерттің алдын алу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жерде ескеретін жай, жат ағымдардың жетегінде еліктеп жүрген жастарымызды кіналауға болмас, егемендігіміздің алғашқы жылдары, әр салаға еркіндік берген кезде, дініміз де еркіндік алып, ертеде естімеген, болмаған, түрлі діни ағымдар өз жұмыстарын еркін жүргізді. Кейбір азаматтарымыз шет елдерге барып, діни білім алып, сол елдердің салт-дәстүрімен өзіміздің ата заманнан ұстанған дәстүрімізге күмәнмен қарап, өзгенің салт-дәстүріне қызығушылық білдірді. Мұндай қылықтар әрине ешкімді ойландырмай қоймас, Біз ондай сана сезімі уланған азаматтарды кіналаудан аулақпыз, олар бұл әрекетке діни ілімдері саяздығымен шырмауыққа ілініп жүр.

Құрметті жиналған жамағат сіздерге айтарым, дін деген өте нәзік. Оның қыр-сырымен таныспай жатып қандайда бір шешім қабылдауға болмайды.

Дін мәселесінде өздеріңізде бір мәселе туындаса, сырттан емес, Аллаһқа шүкір кәзіргі таңда діни білімі жеткілікті имам-молдалардан ақыл-кеңес алсаңыздар өте дұрыс жауап аласыз.

Семинар-кеңес өз жұмысын әрі қарай жалғастырып, күн тәртібіне байланысты мемлекет тарапынан кеңеске қатысқан жауапты қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, бүгінгі күнге шейін еліміздің қауіпсіздігін сақтау үшін атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.  Осылайша, пікір ойлары бір жерден шықты.

Бұдан былай еліміздегі бұл дертпен бірлесе күрессек, Аллаһ Тағала еліміз аман, жұртымыз тыныш заман орнайды деп сенеміз. Семинар-кеңес осындай шешіммен өз жұмысын аяқтады.

 

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, аудандық

«Меркі-ата» мешіті баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: