Қордай дін қызметкерлерінің жиыны

Қордай дін қызметкерлерінің жиыны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында қызмет етіп жатқан имам-молдалар ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбайдың  нұсқауымен кезекті жиналыста бас қосты. Бас қосудың негізгі тақырыбы ұлық мереке Құрбан айтқа дайындық болды. Мерекеге дайындық  бойынша Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тарапынан келген біршама тапсырмалармен имамдарды таныстырған Ә.Шалбай, жоғарыдағы нұсқаулардың  тыңғылықты орындалуын тапсырды. Ә.Шалбай мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі болғандықтан тиісті деңгейде өткізіп, осы іс-шаралар арқылы дініміздің құндылықтарын тағы да бір паш етіп, көркем уағыз жүргізу қажеттігін айтты.

Келесі көтерілген өзекті мәселе ол әрине мешіттердің мемлекет алдындағы қарыздарын болдырмай, уақытылы салықтық және т.б есептерді тапсыру. Осы бағытта жұмысты тиісті деңгейде атқарылмай жатқан дін қызметкерлеріне ескерту айтылып, қателіктерді  түзету тапсырылды. Мешіт құжаттары бойынша да біршама мәселелер көтеріліп, мониторинг жүргізіліп, осы бағытта алдыға жылжыған имамдарға алғыс айтылды.Жария ету науқанын өткізіп алмай, осы бағытта жұмыс барысын күшейту тапсырылды.

Осы мақсатта аудан әкімінің бас инспекторы, жария ету комиссиясының мүшесі К.Алпысбаев жиналысқа арнайы шықырылып, имамдарға жария ету жұмыстарының реттілігін түсіндірді. Масаншы, Сортобе, Аухатты ауыл имамдарына наиб имамдарды ҚМДБ сараптамасынан өткізіп, бұйрықтандыру мәселесі қатаң түрде тапсырылды.

Күн тақырыбынан түспейтін тағы бір мәселе ол ҚМДБ тарапынан жарық көретін БАҚ жазылу науқанына белсенді қатысуға шақырылды.. Атқарылған іс-шаралар бойынша аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлеріне есеп беру жүктелді. Ісімізде сәттілік, дінге деген қызметімізге қуат бер гөр Раббымыз!

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: