Бірлескен жұмыста береке бар

Бірлескен жұмыста береке бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық әкімшілік ғимаратында аудандық  діни ұйымдармен байланыс жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, аудандық білім беру басқармасының мамандары, мектеп, колледж директорларының орынбасарлары, ауыл әкімдері және ауыл имамдары қатысты.Отырыста қарастырылған басты тақырып оқушылар мен тәлімгерлердің дінге деген көзқарасы болды.

Білім саласының мамандарының баяндамасын тыңдағаннан кейін жиында төрағалық еткен Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Жамангөзөв аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлерімен  бірлесе жұмыс атқару қажеттігін айтты. Ауыл имамдары мемлекеттік қызметкерлерге өз сұрақтарын қойып, кейбір мәселелер бойынша түсініктеме алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: