Діни экстремизмнің зардаптары тақырыбында семинар өтті

Діни экстремизмнің зардаптары тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде экстремизм және терроризмнің алдын алу, олармен күресу жолдары баяндалатын түрлі іс-шаралар өткізу көптеп қолға алынған. Тараз қаласында да бұл тақырып бойынша жастарға анық мағлұмат беру мақсатында түрлі кездесу іс-шаралары өткізіліп тұрады. Бұл тақырып қозғалған жерден міндетті түрде рухани көмек беруге даяр тұратын мешіт имамдарын кездестіреміз.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.

«Қазақстан  2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жастар арасында діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» тақырыбында семинар болып өтті.  

Осыған  орай, аталмыш шараның маңыздылығын ескере отырып,  орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан осы іс-шараға қатысып, «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында баяндама оқып, уағыз-насихат жүргізді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: