Құрбан айт мейрамына қатысты кезекті жиналыс өтті

Құрбан айт мейрамына қатысты кезекті жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс көлеміндегі барлық аудан имамдары жиналған кезекті жиналыста орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев сөз бастап,  Шу ауданына жаңадан бас имам болып тағайындалған Мұсаев Қуандықты өзге аудан имамдарына таныстырып өтті.

Жиналыста қаралған негізгі тақырып Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу мәселесі. Биылғы жыл Дін мен дәстүр жылы аталғандықтан осыған орай Құрбан айтты да ұлттық нақышта атап өту керектігі имамдарға баса айтылды, оның ішінде атап айтсақ, киіз үйлер, ән-күй, ұлттық жарыстар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру. Орталық «Һибатулла Тарази» мешіті наурыз айындағы мерекелік іс-шараларды тұңғыш рет  ұлттық нақышта атап өткен  болатын.

Сонымен қатар жиналыста Құрбан айтқа байланысты үлкен деңгейдегі лауазымды тұлғаларға шақыру хаттарын дайындау, көшелерге Құрбан айт мерекесіне байланысты баннер, билбордтар ілу т.б. тапсырмалар берілді. Биылғы жылғы Құрбан айт намазы Тараз қаласында 4 қазан күні  сағат 07:45-те оқылады.

Одан кейін әр аудан имамы өзінің рамазан айынан бері атқарған жұмыстарының есебін берді. «Һибатулла Тарази» мешіттің наиб имамы Таңат Тілманбетов қазіргі таңда ислам дінін қабылдап жатқан өзге ұлт өкілдерінің басын құрап, үлкен жиын өткізіп, жиын кезінде ислам дінін тереңнінен түсіндіріп, кейінгі уақытта да байланысып тұрсақ деген ұсынысын жиналыс барысында  айтып өтті. Ұсыныс бір ауыздан қолдау тауып, әр аудан имамы өз аудандарында  ислам дінін қабылдаған бес  адам тауып беруге уәде берді.

Жылдағы  дәстүр  бойынша ауыл имамдарының діни сауатын көтеру мақсатында 13 қазан күні үш күндік оқу басталатыны хабарланды.

Лаура Алмаханова

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: