Т.Рысқұлов ауданында «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр № 2 орта мектепте әлеуметтік жағдайы төмен және жетім балалары мен көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға сый-сияпат табыстады.
Бұл қайырымдылық акциясы отбасылық жағдайы төмен балаларға арналып жылына 1 рет ұйымдастырылады. Аталмыш шарада 40-ға жуық мектеп оқушыларына оқу құралдары мен мектеп жабдықтары сый етілді. Игі іске аудандық «Сұлтан» орталық мешіттің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, аудандық әкімнің орынбасары Әлпейсов Бейсен, мектеп ұстаздары және ата-аналар қатысты. Бас имам сөз кезегінде қайырымдылық шарасына жиналған қалың көпшілікке қайырымдылықтың қасиеті жайлы сөз қозғап, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасып тұратындығын жеткізді. Оқушылар және ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне қуаныштарын білдіріп, ризашылықтарын айтты. Жақсылыққа, мейірімділікке шақыратын аталмыш жиын Бас имамның батасымен қорытыланды.
Мейірханов Әбілда әскери зйнеткер
Т.Рысқұлов ауданы



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

