Отбасы тәрбиесі.

Отбасы тәрбиесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жастар орталығында жастармен кездесу өтті. Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қатысты.

Жалпы, бала дүниеге келген кезде пәк, Ислам болмысы негізінде туылады. Содан кейін ата-анға аманат етіледі. Ата-ана бұл аманатты тиісінше өз дәрежесінде орындауы тиіс. Бұл ретте, бала тәрбиесінде келешекте оның қай бағытты таңдайтындығына ата-ананың рөлі өте маңызды. Отбасы тұлға шынығып, шыңдалып, қалыптасатын орын. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Міне, жанұя жағдайында баланың тұлғалық қасиеттері бірте-бірте қаланады. Содан кейін осы қаланған қасиеттер әдетте ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады.


Ата-анаға қарсы шығу – ең үлкен күнәлардың қатарында. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына: -Сендерге күнәлардың ең үлкені қайсы екенін айтайын ба? - дегенде, сахабалары: «Иә, айтыңыз», -дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы шығу, нақақ адам өлтіру, өтірік айту»,- деп жауап берді.

Ислам діні бойынша ата-ана балаларына жас кезінен бастап жақсы-жаман және күнә-сауап нәрселерді үйрету, түсіндіру, әрбір іс-әрекетін қадағалау керек. Сондықтан да, бала тәрбиесі ата-ананың өздерін-өздері тәрбиелеуден басталады.

Өз заманында Мөнке би бабамыз:

Құрамалы қорғанды үйін болады,
Айнымалы төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосатын жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын,
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын,
Бедрей деген қызын болады.
Алдынаң кес-кестеп өтетін,
Кекрей деген келінің болады.
Ішкенің сарысу болады,
Берсең итте ішпейді.
Жас баладан биің болады.
Жас балшықтан үйін болар,
Ат жақсысы арбада болар,
Жігіт жақсысы саудада болар, - деген екен.

.
Жастардын өзінің де бір күні ақ шашты, кемпір-шал болатынын ойлануы керек. Егер, қартайған кезде құрмет көргісі келсе, әке-шешесіне

Ата-анаңа қалай құрмет көрсетсең, өз балаңнан да солай құрмет көрерсің. Өз балаңыздан қандай жақсылық күтсеңіз, ата-анаңызға сондай жақсылық істеңіз. Себебі не берсеңіз, соны аларсыз .Не ексеңіз, соны орарсыз. Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаңда өзіңе емес пе. «Ата-ана не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ақ жаулықты, ақ шашты өз аналарымыз бен данагөй қарияларымызды ардақтайық, көңілдеріне қаяу, жүректеріне қайғы салмайық, ағайын!

«Бәйдібек» мешітінің
Найб имамы Әмірбеков Әбдіразақ.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: