Өкіл имамның Шу өңіріне сапары

Өкіл имамның Шу өңіріне сапары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің көркемі, аптаның  ардақты жұмасында ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкілі, «һибатулла ат-Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Шу ауданына арнайы атбасын бұрды.

 Мұндағы ниеттенген мақсат Қуат Үрпековтың имамдығындағы  Шу қалалық «Жәми» мешіті жанындағы жаңа мешіттің құрылыс жұмысымен танысу, шаһардағы Қант зауыты мөлтек ауданындағы  «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатымен жүздесу және ҚМДБ төрағасы, құрметті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйырығымен

   Қуандық Берікұлы Мусаевты  Шу аудандық орталығы Төле би ауылындағы «Төле би» мешітіне бас имам қызметіне тағайындау болатын.

  Жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысқан соң «Әбу Бәкір Сыддық » мешітінің жамағатымен кездесті.

 Ал жұма намазы уақыты  жақындағанда дұғаның пайдасы туралы сөз қозғай келе Төле би ауылының жамағатына жаңа имамын таныстырды.

 Жас келсе іске дегендей 1983 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген  Қуандық Мусаев

     2001-2004 жылдары аралығында Алматы қаласындағы «Таиба» халықаралық араб колледжінде «Араб тілі» мамандығы бойынша тамадаған.

    2004-2005 жылдары сол оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған.

    2005-5008жылдары Алматы қаласы Орталык азия университетінде  араб тілі мамандығын бітірген,

    2007-2008 жылдары Алматы қаласындағы Көкқайнар мешітінде бас имам

    2011-2013 жылдары Шу аудандық «Төле би» мешітінде наиб имам

    2013 жылдың бас кезінен Алматыдағы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам міндетін абыроймен атқарды.

         Аудандық мешіттің жиырма жылға жуық тұтқасын ұстап, жұртты жақсылықа уағыздаған Аят Дыбысұлы Алмаханов осы мешітте наиб имамдық қызметке ауысты.

       Тоқырау жылдары бой көтерген мешітке жиырмадағы жас жігіт боп келген Аят Дыбысұлы бүгінге дейін жүрген жол оңай болмағанын айтты. Сондағы жас имамға қолдау білдірген ақсақалдарды терең тебіреніспен еске алып, әр істе бір қайырдың бар екенің тілге тиек етті.  Сөз арасында Данияр Әлимұхамедұлы Аят Дыбысұлына Бас мүфтидің Алғыс хатын тапсырып, бұл марапатқа көптің қолы жете бермейтінің  ескерті. Жас әрі бас имамдық міндетті Қуандық Берікұлына табыстап, дін саласындағы жұмысына табыс тіледі.

 Сөйлеудің орайы келген сәтте жамағат ақсақалы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Сәруархан Зәуірбековте имамдарға сәттілік тілеп, өткеннен сыр қозғады.

 Тағайындаулар мен құттықтау соңында жаңа бас имамның атқаруындағы алғашқы жұма намазы оқылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: