Жуалы аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің жамағатпен бірге жасаған қайырымдылығы

Жуалы аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің жамағатпен бірге жасаған қайырымдылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Пайғамбар Мұхаммед  С.Ғ.С - Білім алу,сауатты болу әрбір мұсылман ерге де әйелге бірдей парыз деп түсіндірген.Мұсылман өмірінің соңына дейін білім ізденуді тоқтатпауын да насихаттаған.

Міне күз де келіп,білім науқанының уақыты басталды.Пайғамбар насихаттағандай,әрбір оқушы,студент,мұғалім, ата-ана магистр,аспирант ғалымдар да білім құлшынысына кірісіп кетті.

Әсіресе, білімнің алғашқы баспалдағы мектеп қызу дайындық үстінде.Әрбір ата-ана абыр сабырға түсіп,оқушы ұл мен қызын жаңа оқу жылына даярлап әбігерленуде.Ел болған соң,әркімнің тұрмыс-тіршілігі бірдей емес қой.Кейбір ата-ана мектепке балаларының киім кешегіне,оқу құралдарына қаражат таба алмай қиналып жатады.Ел үкіметі де осыны ескеріп, «мектепке жол» акциясын ұйымдастырып,жылдағы әдеттеріндей көмектерін созып жатады.

Ел келешегімен,білім жолында жасалып жатқан осы игі шараға  Аллаға иман келтіріп,игілікке көз жұма қарамайтын аудандық мешіт жамағаттары да өз үлестерін қосты. Қаражат жиып, Қонаев,Герцен,Мыңбұлақ мектептерінің  отызға жуық оқушысына костюм шалбар,көйлек,спорт киімі,кросовка,ұлға қызға туфли т.б киім кешектермен жәрдем жасалды.Осы іске демеуші болған кісілерге Алла разы болсын дейміз.Жамағат көмегімен бұл іс әлі де жалғаса береді.

Жуалы ауданы

«Толымбайтегі Зиябек» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: