Бұлар батыр және Масаншы ауылдарына орын алған іс-сапар

Бұлар батыр және Масаншы ауылдарына орын алған іс-сапар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата заң күнінде «Бұлар батыр» ауылында  тағы бір Алланың үйінің іргетасы қаланды. Мұндай қуанышты жағдайға арнайы түрде ҚМДБ-ның іс-басқарушысы Е.Б.Орын, ҚМДБ-ның оқу ағарту  бөлімінің меңгерушісі Б.Қ .Бейсенбаев,  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Д.Жұмабаев, ИБЖИ директоры К.Мырзабай арнайы ауданымызға ат басын тіреді. Құрметті қонақтарды аудан әкімі Қ.Ә. Досаев, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы  Д.Жандосұлы, ауыл имамдары, ауыл тұрғындары және мешіт салуға себепкер болып отырған И.Буларов қарсы алды.

Іс-шара облыс өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы   қасиетті  Құран оқып, дұға қылып бастады. Құттықтау сөзі  ҚМДБ-ның оқу ағарту  бөлімінің меңгерушісі Б.Қ .Бейсенбаев беріліп, Бақтыбай Қыдырбайұлы ізгі тілектерін айтып, осыншама халықтың мешіттің іргетасының қалануына жиналуы бұл имандылықтың жоғарғы деңгейдегі көрсеткіші екендігін тебірене айтып,  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлының сәлемдемесін жеткізді. Қордай ауданының әкімі Қ.Ә.Досаев құттықтау сөзінде Ислам бұл мейірімділікпен  бейбітшіліктің діні екендігін айтып, аталмыш мешіт сол бейбітшілікке зор үлесін қосатын рухани орталық болатынына сенімін білдірді. Құрметті қонақтар болашақ мешіттің іргетасын қалауға қатысып, шалынған құрбандыққа  Данияр Әлимұхамедұлы   дұға жасады.

Дін қызметкерлерінің  сапары Масаншы ауылдық «Мұсылмандар» мешітінде жалғасын тапты. Б.Қ .Бейсенбаев, Е.Б.Орын, К.Мырзабай және Д.Жұмабаев мешіт жамағатымен сұхбаттасып, мешіттің күнделікті  жұмысымен танысып өтті. Мешіт жанындағы сауат ашу курсы ғимаратының құрылысымен танысып,  өз ұсыныстарын және ескертулерін жеткізді. Мешіттің құжаттарымен танысып, болашақ жоспарларды талқыға салып, дүнген ағайындарды ел мүддесіне белсенді түрде қызмет етуге шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: