Мектепке жол акциясы

Мектепке жол акциясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейінгі ұрпақтың саналы тәрбие,сапалы білім алу мақсатында қазіргі таңда Қазақстан бойынша «Мектепке барар жол» акциясы өткізілуде. Сол акцияның бүгінде біз де өткізіп отырмыз. Акцияның мақсаты – аз  қамтылған, көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларына оқу жылының басында көмектесу, әлеуметтік жағдайларға байланысты мектепке келмей қалған балаларды анықтау. «Жақсының жақсылығы айт,нұры тасысын» дегендей.

Бүгінде Жамбыл ауылының бірқатар  мекемелерінің қатысуымен аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында жиналды. Жасөспірім ұл –қыздарға өздерінің жүрек жылулары мен ықыластарын білдірді. Оқушыларды мектеп формасы және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қолдау көрсетілді. Бірінші сөз кезегі Жамбыл ауылының әкімі Ахат Қанатұлы мектеп бүлдіршіндеріне жақсы оқуларына тілектестігін білдірді. Келесі кезекте Абай орта мектебінің директоры Фарида Сыздықова және ауыл мешітінің молдасы Таукеев Талғат ,  жеті мың бес жүз теңге ақшалай бір оқушыға жәрдем берді «Ақбота» балабақша меңгерушісі Гүлбану Мәренқызыда өздерінің жылы сөздерімен ниеттерін білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: