Қордайлық мәдениет саласының қызметкерлерімен өткен рухани сұхбат

Қордайлық мәдениет саласының қызметкерлерімен өткен рухани сұхбат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен, ішкі саясат бөлімінің қолдауымен  орталық кітапханада аудандық мәдениет саласының қызметкерлерімен имани жиын өтті. Жиынның тақырыбы «менің дінім-Ислам» болды. Жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ. Алиясов. тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің жетекшісі Д.М.Досжанова, аудандық орталық кітапхана, мәдениет үйі және аудандық мұражай қызметкерлері қатысты.

Жиынның басты мақсаты халықпен тығыз байланыста болатын мәдениет саласының қызметкерлері арасында ата дін Ислам жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру және Ислам дінінің түпкілікті құндылықтарын паш ету болды. Осы мақсатта наиб имам Д.Жандосұлы жиналған қауымға бір Аллаға  құлшылық ету, Ислам сөзінің мағынасын, Ислам дінінің негізгі тіректерін,  адам баласының жаратылу мақсаты жайлы сөз қозғап, түсіндіріп өтті.

Д.Жандосұлы ел арасында іріткі салып жүрген кейбір теріс ағымдар жайлы да терең мәліметтер берді. Жиналған қауым Д.Жандосұлына  түрлі сұрақтар қойып, сұрақтарға Д.Жандосұлы дәлелді дәйектермен жауап беріп, жауап барысын  уағызға өрбіте кетіп ата-ананың қадірі, басшыға бағыну, орамал тағу, намаз оқу, Құран бағыштау сияқты өзекті тақырыптарды шоли өтті. Мәдениет саласының қызметкерлері кездесу нәтижесіне дән риза болып, Д.Жандосұлына алғысын айтты. Д.Жандосұлы өз тарапынан қандай да бір сұрақтармен тек ресми ҚМДБ өкілдеріне қайырылып, немесе тек ҚМДБ сайттарынан ақпарат алуға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: