«Һибатулла Тарази» медресесі шәкірттер қабылдады

«Һибатулла Тарази» медресесі шәкірттер қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесінде биылғы оқу жылына қабылданатын шәкірттер  емтихан тапсырды. Сынақ тапсыруға облыс көлеміндегі аудандардан  21 шәкірт келді.

Осы шәкіртерден емтихан қабылдау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы және оқу-ағарту бөлімінің референті Марат Жапбасбай мырза арнайы келді.

«Һибатулла Тарази» медресесі ер балаларды имам хатиб мамандығы бойынша  жаңа оқу жылына қабылдайды.  Медреседе барлық жағдай жасалған, компьютер сыныбымен  жабдықталған. Жатақханасы бар. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар гуманитарлық сабақтар да енгізілген. Шәкірттерге сапалы білім беретін ұстаздар мен  24 сағат бақылауда ұстайтын тәрбиешілер қызмет атқарады. Медресе асханасында күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Шәкірттердің сынақтан мүдірмей өтуіне және медреседен сапалы білім алып шығуына тілектеспіз!

Лаура Алмаханова,

Жамбыл облысы, «Һибатулла Тарази»

мешітінің  баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: