Құран–көркем сөздің мұғжизасы

Құран–көркем сөздің мұғжизасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ тағала Құранда: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), - десе, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадис шарифинде: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», - деп айрықша атап көрсеткен. Түсіне білген адамға бұл екі дүниеде де зор бақыт әкелетін  амал.  Аллаға шүкір, еліміз бойынша да, облысымыз бойынша да діни  сауат ашу курстарында  Құран жаттаушы  шәкірттер саны жыл санап артып келеді.

Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүрге сай облыс көлеміндегі мешіттердің сауат ашу курстары арасында Құран жарысы өтті. Жарыс ұлдар арасында бас пара, бір пара және жарты пара бойынша, ал қыздар арасында бір пара және жарты пара бойынша жүргізілді.

Жарысқа қатысушы жеңімпаздарға: бес пара арасында: 1-орынға 70 мың, 2-орынға 50 мың, 3-орынға 25 мың теңге. Бір пара арасында: 1-орынға 50 мың, 2-орынға 25 мың, 3-орынға 15 мың теңге. Жарты пара арасында:  1-орынға 30 мың, 2-орынға 15 мың, 3-орынға 7 мың теңге  ақшалай жүлделер тағайындалды.  

Алқа мүшелері арасында облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Алимұхамедұлы, Тараз қаласындағы «Әбдіқадыр» мешітінің бас имамы Айнабек Ахметов және Меркі ауданынды «Жүніс молда» мешітінің имамы Дастан Қасымалиев болды.  Бұл жолғы Құран жарысы да жоғары деңгейде өтті. Барлық шікірттер жоғары дайындықпен келген екен. Қасиетті Құранның аяттарын қырағатпен, шынайы ықыласпен оқыған шәкірттердің жүзінен нұр мен қуаныш байқалып тұрды.

Жарыс нәтижесі бойынша: ұлдар арасында бес пара бойынша 1 – орын Қожағұлов Дулат, 2 – орын Саров Мубарак, 3 – орынды  Сапарбаев Оңалбай иеленді.

Бір пара бойынша 1 – орын Тастанбеков Ерсұлтан, 2 – орын Манкевич Андрей, Разматов Абдумалик, 3 – орын Люджер Абдурахим, Суалир Ислам иеленді.

Жарты пара бойынша 1 – орын Тұрғара Ахмет, 2 – орын Дадамирзаев Биләл, 3 – орын Молшылық Әлмахан қанжығасына байлады. 

Қыздар арасында 1 – орынды Абдубакр Мариям  иеленді. Жарты пара бойынша 1 – орынды   Жұлдызбай Мөлдір, 2 – орын  Сейтқали Аяжан, 3 – орын Шадияр Камила иеленді.     

Құран жарысына қатысқан барлық шәкірттерге облыстың бас имамы Данияр Алимұхамедұлы шын ризашылығы мен алғысын білдіріп, бата жасады және жеңімпаздарға ақшалай жүлде мен алғыс хаттар табыстады, рухани шараға қатысушы барлық шәкірттер  ынталандыру марапатын иеленді.

Іс шара соңынан Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауаттар айтылып, имамдар тарапынан бата берілді.

Лаура Алмаханова,

Жамбыл облысы, «Һибатулла Тарази»

мешітінің  баспасөз қызметі.

<img

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: