Қайырымдылық қайырлы іс

Қайырымдылық қайырлы іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың қалауымен аудандық «Қордай» мешітінің имамдары тағы да бір ауқымды  қайырлы іс-қайырымдылық ұйымдастырды. Біріккен Араб Әмірліктерінің  «Қызыл жарты ай» қайырымдылық қорының демеушілігімен аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен  аудан бойынша  асыраушысыз қалған, жалғыз  қалған әйелдермен, жетімдіктің дәмін сезген 250 балаға әр қайсысына  55 000 теңгеден көмек көрсетілді. Бұл игі іс бірінші күні  халық тығыз орналасқан Сортөбе ауылының «Сортөбе» мешітінде басталып, келесі күні аудандық «Қордай» мешітінде жалғасын тапты. Көмек алушылар бұл қаржы  бүлдіршіндерді мектепке дайындау үшін  қомақты көмек болғанын айтып дән риза болды. Алла  игі істерді атқаруды нәсіп қылсын баршамызға!

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: