Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы

Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қылышбай аулында діни ағарту мәселелері бойынша ауылдық жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Көшкінбаев Манарбек, аудандық мешітінің бас имамы Исаев Зият, аудандық «Ардагерлер кеңесінің» мүшесі Тойшыбеков Әбдікерім және ауыл әкімі М. Мұқашев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, мекеме басшылары қатысты.

 Күн тәртібіндегі ауылда жүргізіліп жатқан діни ағарту жұмыстарының хал-ахуалы.

 Жиынды Көшкінбаев Манарбек ашты. Ол өз сөзінде «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт - дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарам - қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Солардың бірі «Таблиғи Жамағат» жөнінде айтып өтті.

Аудан имамы жиынға қатысып отырғандармен амандасып, «балақ түру», «хиджаб кию», «ата - анаға қарсы келу» міселелері бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді. Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31 - аятында бүркеніп жүруді айтты, бірақ «беттеріңді тұмшалаңдар», «қара киініңдер» деген сөз жоқ. Яғни қоғам қара киінуге, бетті тұмшалауға қарсы болса, біздің қоғамды діннен алыстатуға қақымыз жоқ. Ата - анасына «кәпірсің», «намаз оқымайсың» деп кіналап, ауыр сөздер айтатын жастар туралы қандай пікір айтуға болады. Құран - Кәрімде «Адам баласына әке - шешесіне жақсылық жасауды нұсқадық делінген». Құран – тек мұсылмандарға емес, әлемге түскен кітап болғандықтан, ата - анаға жақсылық жасау қажеттігі бұйырылып тұр.

 Ауыл қариясы Ұ.Маралдаев дін жолындағы адамдарды менмендікке емес, қарапайымдылыққа, сыпайылыққа, өзім білемділікке салынып қауымға қарсы шықпай, халықтың көзқарасымен санасуын сұранды. Өйткені, Әбу Ханифаның кімнің жұмаққа баратынын тек бір Алла Тағала ғана біледі деген сөзі бар. Ислам дінінде амалдар ниетке байланысты. Әрбір адамның ниеті қандай екенін тек Алла Тағала ғана біледі.              

 Жиын соңында ауыл әкімі М.Мұқашев «Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтыратынын айтып, жиынды қорытты.

 

Ж.Бекбенбетов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: