«Жами» мешітінде бірқатар оңды істер атқарылуда

«Жами» мешітінде бірқатар оңды істер атқарылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның  Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жүктеген бір  тапсырмасында Алланың жердегі үйі мешіт тек қана мінәжат қылатын орын емес, сонымен қатар қайырымдылықпен айналысу дін қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет деген болатын.

Шу қалалық Жами мешіті осы тапсырмаға сәйкес, жағдайы төмен отбасыларға әрқашан қол ұшын созып, қамқорлық көрсетіп келеді. Жағдайы төмен 5 отбасыға бір қой сойылып еті таратылып берілді. Сонымен қатар «Мектепке барар жол» атты акцияға  байланысты 50000 теңгеге мектеп құралдары алып берді.

Сонымен қатар, мешітте біршама шаруашылық жұмыстары да атқарылуда. Қазіргі заман талабына сай мешіт ғаламтор жүйесіне қосылып, атап айтқанда мешітке бейне бақылау орнатылып, нысан бейне бақылауға алынды. Оған қоса жамағаттың үлкен қуанышы, «Дәрет – намаздың кілті», - деп хадисте айтылғандай, мешітте жаңа дәретхана іске қосылып, жамағат игілігіне пайдалануға берілді.

Шу қалалық

«Жами» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: