«Һибатулла Тарази» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Тілмамбетов Таңат 2014 жылдың 14 тамызынан бастап «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалды.

Таңат Тілмамбетов 1978 жылы дүниеге келген.  2003 жылы Шымкент қаласындағы «Халықаралық Қазақ-Араб» университетін «Дінтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Байзақ ауданы, Жасөркен ауылындағы «Бейсеу ата» мешітінде имамдық қызметтен бастаған. Отбасы құрған. 4 баланың әкесі.

 Таңат мырзының жұмысына сәттілік, еңбегіне табыс тілейміз!

Лаура Алмаханова,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: