Қордай жерінде қайырымдылық іс-шаралары жалғасуда

Қордай жерінде қайырымдылық іс-шаралары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осыдан біраз уақыт бұрын  аудандық «Қордай»  мешітіне  Жекебаева Тахмина  келіп, өзінің ауыр жағдайын, кішкентай бүлдіршіні Бақберген Ерсұлтаны сал ауруымен  (ДЦП)  ауратынын айтып, тиісті құжаттарын көрсетіп, ем қабылдау үшін қомақты қаржы қажеттігін түсіндіріп көмек сұраған еді. Сол сәттен бастап аудандық «Қордай» мешітінің имамдары аудан бойынша жаны жайсаң бауырларымызды ұйымдастырып, демеушілікке үндеп  Т.Жекебаеваға көмек көрсетуге барша іс-әрекеттерін жасады. Аллаға шүкір демеушілерде табылып, имамдардың еңбегі еш кетпей Т.Жекебаеваға  Ерсұлтан атты құлыншағын емдетуге 100 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Көмек алушы Т.Жекебаева  қуанышынан жасыра алмай көзіне жас алып, мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты. Қанша ма мекемеге барса да дәл мешіт қызметкерлері сияқты ананың жағдайын ешкім мұқият тыңдап, жылы сөз айтып, бұндай көмек көрсетпеді- деп ағынан жарылды Т.Жекебаева. Алла ісімізді оңдап, ұрпағымызды сау-саламатты ете гөр!

Аудандық «Қорджай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: