Әскерилермен уағыз насихат

Әскерилермен уағыз насихат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында орналасқан әскери бөлімшелермен аудандық «Қордай» мешітінің имамдары тығыз байланыс орнатқан.  Әрдайым кездесулер ұйымдастырып, әскери сарбаздардың  көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, Исламның негізгі құндылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін. Бүгінде сол қалыптасқан үрдіс бойынша Гвардейск қалашығында орналасқан  №21742 әскери бөлімінде осындай кездесу өтті. Кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы   Қ.Алиясов, осы әскери бөлімнің жетекшілері полковник Ж.Нұрахымов, аға лейтенант Б.Шағдабай  және сарбаздар  қатысты.  Сөз кезегі наиб имам Б.Жүсіповқа беріліп, наиб имам өз кезегінде ата дін Исламның негізгі құндылықтарын түсіндіріптіп, кейбір керітартпа ағымдар жайлы да біраз сөз қозғап өтті. Уағыз барысында Б.Жүсіповқа несие, намаз, ораза, керітартпа ағымдар жайлы әр түрлі сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға маман тиісті жауаптарын қайтарды. Аудандық «Қордай» мешіт имамдары әскерилермен жұмысты  Алла қаласа әлі де жалғастырады.

 

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: