Облыстық АНТ мүшелерінің кеңейтілген жиналысы болып өтті

Облыстық АНТ мүшелерінің кеңейтілген жиналысы болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіт-медресенің мәжіліс залында АНТ мүшелерінің және Тараз қаласындағы мешіттердің имам, молдаларының қатысуымен кеңейтілген жиналысы болып өтті.

Жиналыс барысында, АНТ мүшелерінің қасиетті Рамазан айында атқарған уағыз-насихат жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар пысықталды. АНТ мүшелері қасиетті Рамазан айында қаладағы кереғар көзқарасты ұстанып жүргендердің көбірек шоғырланатын мешіттерде бесін намазы уақытында аптасына екі рет уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді. Насихат барысында, олардың қате түсініктері мен адасқан тұстары туралы құнды уағыздар айтылып, олар қойған сұрақтарға дәлелді жауаптар берілген.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның тапсырмалары таныстырылып, нақты нұсқаулар берілді. Атап айтқан, «Нұр Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің жанынан ашылған дайындық курсына, 2015-2016 оқу жылына талапкерлер жолдау, Діни басқарманың тарапынан іріктеліп жатқан 2014 жылғы қажылық сапарында уағыз-насихат жүргізетін имамдар тобына және ҚМДБ-ның жанындағы «Республика имамдарының білімін жетілдіру» Ислам институты мен Біріккен Араб әмірлігінің теологиялық оқу орнына ұсынылатын имамдарды анықтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының тапсырмасына сай, алдағы 23-ші тамызға белгіленген жастар арасындағы ұлдар мен қыздарға арналған «Құранды жатқа оқудан» жарыс өтетіндігін жалпы халыққа насихаттау, жарысқа қатысатын үміткерлердің тізімін 20-шы тамызға дейін өкілдікке жолдану керектігі ескертілді.

 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: