Қордай имамдары дін Исламды уағыздауда

Қордай имамдары дін Исламды уағыздауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен ата дініміз Исламды кең уағыздау жақсы жолға қойылған. Соның бір көрінісі халыққа кең көлемде қызмет көрсететін, түрлі әлеуметтік жағдайдағы азаматтар ат басын тірейтін мекеме аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» ұжымымен кездесу.

Кездесуге аудандық «Қордай»  мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов  қатысты. Жиналған әлеуметтік сала қызметкерлеріне наиб имам Ислам дінінің негізгі қағидаларын түсіндіріп, Ислам жайлы кең мағлұмат берді.  Дін жайлы сөз қозғай келе сол діннің шапанын жамылып алып, бірақ оған керіғар әрекеттермен айналысып жүрген кейбір жат ағымдар жайлы тыңдаушыларға мәлімет берілді.

Мекеме қызметкерлері өздерін мазалап жүрген түрлі сұрақтарын, дін өкілі Б.Жүсіповке қойып, оған тиісті  жауаптарын алды.

Мекеме басшысы Б.Қарамолдаева мешіт қызметкерлерінің жұмысын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беріп жүргендері үшін жоғары бағалап, өз алғысын айтты. Жиналысқа қатысушыларға ҚМДБ сараптамасынан өткен діни әдебиеттер таратылды. Жиын екі жаққа да пайдалы өті деген ойдамыз.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: