Аудандық діни кеңестің кезекті отырысы

Аудандық діни кеңестің кезекті отырысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық әкімшілік ғимаратында  ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Жамангөзовтың төрағалығымен діни кеңестің кезекті отырысы болды. Отырысқа «Қордай» мешітінің  наиб  имамы Д.Жандосұлы, аудандық ішікі саясат бөлімінің  меңгерушісі Б.Ыбышева, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Байділдаев, құқық қорғау органдарының  және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық  ІІБ мамандары аудандағы  діни ахуал жайлы  өз тарапынан  баяндама жасап,  мемлекет тарапынан рұқсатсыз қызмет атқарып жатқан діни ұйымдардың басшыларының жауапқа тартылғандығы жөнінде  өз баяндамасында атап көрсетті. Полиция қызметкерлеріне жиналысқа қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Өзекті мәселелердің бірі ол елімізге жат ағымдардың  ел арасына іріткі салып, теріс іс-әрекеттерін тоқтатуы. Осы мәселе бойынша  «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы аудандық мешіттің атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтып, «таблиғи жамағат» және «саляфия» ағымдарына қарсы жұмыс барысының үдерісін күшейту үшін біраз ұсыныстар айтты. Ұсыныстарды комиссия мүшелері талқыға салып, қабылдауды жөн көрді.  Кезекті отырыстан оң нәтижелер күтілуде.

 

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: