Меркі ауданында қуаныш сыйлаған жандар

Меркі ауданында қуаныш сыйлаған жандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаным қиналды, 4 баланың анасымын, тағдырым шығар жолдасымнан ерте айырылғаныма 3 жыл болды. Үлкен балам 8-ші сыныпта, кішісі 3 сыныпта оқиды. Әні-міні дегенше жазда өтіп, балалар мектепке бару керек. Күнделікті мардымсыз тапқан тиын тебен тамақтан артылмайды. Ағайын туған бәрімізде бар, әйтеуір аман болсын. Ертедегі кәриелерден, ата-аналардан естуші едік ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды дегені расында солай екен.

Ауыл әкімшілігіне де бардым не керек, бармаған жерім, қақпаған есік қалмады. Барлығының айтары жоқ деген бір сөз.

Бір апайдың айтуымен орталық «Меркі-ата» мешітіне бардым. Мен осынша жасқа келгелі мешітте менің мұң-мұқтажымды қанағаттандырады деп ойламаппын. Дін қызметкерлері менің мұң-мұқтажымды тыңдап, көңілімді жуататындай сөздер айтқандары сонша, өткен қиындықтардың бәрін ұмытқандай болып, өмірге деген жаңа серпінін пайда болғандай әсерде болдым. Әлгі жаныма қуаныш сыйлаған адам сол мешіттің бас имамы, қасындағысы есепші екен. Аллаһ тағалам бұл жандардың жүректерін мейірім шуағымен нұрландырсын. Не керек көліктеріне отырғызып, жолдаған үйге келіп, жағдайымды көрді.

Ойламағанжерден ертесіне үйге күнделікті не керек азық-түлік, кілем, төр көрпе, екі қыз бір ұлына базарға апарып бастан аяқ киіндіріп, мектепке керек заттарды алып берді.

Аллаһқа сансыз шүкірлер болсын, осындай мұқтаж, жабырқау жандардың мұң-мұқтажына көңіл бөліп, балаларымның қуанышына ортақтасып, жүректеріне дүниеге деген махаббат сыйлағанына.

Ізгі ниетпен Алжанова Кенжекүл

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: