Қоғамда орны ерекше жандар үшін

Қоғамда орны ерекше жандар үшін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ тағала өзінің жаратқан пенделерін түрлі сынақтарға алып, сыннан өткізеді. Жаратушы иеміз жаратушы да жарылқаушы бір өзі.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде, мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы балалардың, жастардың мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамда олардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттандыруда мүгедектерді қоғамға етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану мақсатында ауданымызда «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді  білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы аудандық конкурсы өтті.  

Меркі аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ауданның діни қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылған іс-шара ауданның Мәдениет үйінде өтті.

Мүгедек сәбилердің жүрегіне аз да болса, жылылық мейірім ұяласа деген ниетпен келген көпшілік халықтың жиналғаны соншалық, Мәдениет залында орын болмады. Бұл іс-шараға 39 мүгедек жасөспірім қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермен халықты еріксіз ойға салып, жүректеріне мейірім оты жалындап, көзге жас келетіндей әсер қалдырды.

Жаны жабырқау жасөспірімдер мұндай іс-шараға дән риза болып, өздерін мемлекет және діни қызметкерлердің қамқорлығында екендігін сезініп, өмірге, келешекке деген сенімі арта түсті.

Осы топтан үздік шыққан 14 жасөспірім облыс көлемінде өтетін конкурсқа жолдама  алды.

Конкурсқа қатысқандарға демеушілік жасаған аудан жанашырлары және дін қызметкерлері қайырымдылық көмек көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Жамбыл облысы,

Меркі ауданы,

аудандық «Меркі-ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: