«Өмірге қайта бейімдеу» орталығында рухани шара өтті

«Өмірге қайта бейімдеу» орталығында рухани шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан «Өмірге қайта бейімдеу» орталығында Ислам дінінің мейірімдік үстіне құрылған дін екенін білдіру, өмірге деген құштарлығын арттыру, жалпы бұл дүниеге келудегі адамзат баласының мақсатын түсіндіру ниетімен рухани дастархан жайылды.

Жалпы, бұл мекемеде 130-ға тарта адам емделуде. Дастарханға 70-ке тарта адам қатысты. Қалғанын емделушілерге арналған тағамдар, олардың жатақ орындарына жеткізіліп берілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының тапсырмасымен ұйымдастырылған дастархан басында Тараз қаласындағы «Шейх Зүннүн» мешітінің бас имамы Сапарқұлов Өркен облыс имамы Данияр қары Жұмабаевтың сәлемін жолдай келіп, «Ислам дінінің асыл құндылықраты» жайлы уағыз-насихат айтты. Айтылған уағыз-насихаттан кейін дастархан қонақтары, өз ризалықтарын білдіріп, дін қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып жатты.

Қонақтар арасынан бір өзге ұлт өкілі кәлима шаһадат айтып, Ислам дінін қабылдады.

Бұл игі шара өмірден үміттері үзілген, психологиялық стресс халіндегі, алкогольдік ішімдікке бейім болған адамдардың Исламға деген құштарлықтары мен өмірге деген құлшыныстарын арттыруға үлкен септігі тигенін айта кетуді жөн көріп отырмыз.

                                               «Шейх Зүннүн» мешітінің уақытша ұстазы,

«Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті,

Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: