Қордай діндарларының кезекті жиналысы

Қордай діндарларының кезекті жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы аяқталып, атқарылған игі  істерді қорытындылау, пайдалы болған істерді жалғастыру, кеткен кемшіліктерді толтыру сынды  жұмыстарды пысықтау қажеттігі туындап тұр.

Міне осы және басқа да мәселелер бойынша Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың шақыруымен Қордай ауданының имам-молдалары кезекті жиналысқа аудандық мешітте бас қосты.  Жиналысқа имам-молдалардан басқа арнайы түрде Қордай ауданы бойынша ҰҚК жедел өкілі М.Анарқұловта шақырылды. ҰҚК қызметкері  аудандағы діни ахуалды өз саласы бойынша сипаттап беріп, орын алған кейбір келеңсіз жағдайларды айтып өтті. Маман ретінде имам-молдаларға заңнамалық түсіндірмелер жасап, экстремизм және лаңкестік әрекеттердің алдын-алу шаралары бойынша біраз маңызды  кеңестер беріп өтті. Жиналысты жалғастыра келе  Ә.Шалбай өткен Рамазан айындағы  іс-шараларды қорытындылап біраз имам-молдалардың атқарған істеріне оң баға беріп, алынған игі істердің үрдісін бәсеңдетпеуді тапсырды. Жиын барысында көтерілген өзекті мәселе ол ҚМДБ оқу орындарына шәкірт дайындау және алдымыздағы жоспарланған Құран жарысына үміткерлерді  дайындау мәселесі де  көтерілді. Болашақ жоспарлар құрылып, талқыға салынды.

Аудандық «Қордай» мешіті

Баспасөз  қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: