Меркі ауданында өткен айт намазы

Меркі ауданында өткен айт намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ тағалаға сансыз шүкірлер болсын, Аллаһтың мейірім шапағатымен еш қиындықсыз аудан жұртшылығы ораза ұстап, тарауих намазын оқып, қайырымдылық іс-шараларға қатысып, қимастықпен Рамазан айын шығарып салды.

Ауданымызға қарасты барлық мешіттерде айт намазы оқылды. Халықтың жылдан-жылға дінге деген құштарлығы сезіледі. Айтайын дегеніміз аудан орталығындағы бес мешітте, айт намазында жамағат толып, айналасына кілемдер жайылып, Аллаһқа құлшылық жасады.
Аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов орталық «Меркі-ата» мешітіне арнайы келіп, жиналған жамағатты айт мерекесімен құттықтап, ауданда халық игілігі үшін істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Көпбосынов Бақтияр жамағатпен бірге айт намазын оқып, намаздан соң дұға қылып тарқасты.
Аллаһ тағала барша мұсылман бауырларымыздың ұстаған оразаларын қабыл алып, келесі жылғы Рамазан айына сау-саламатты жетуімізді нәсіп етсін. Әмин!
Ізгі ниетпен ауданның бас имамы Батырбек қажы.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

орталық «Меркі-ата» мешіті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: