Ораза айт мерекесі

Ораза айт мерекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза айт мерекесі  үммет үшін берілген  ұлық бір сыйлық. Алла Елшісі С.Ғ.С айтады; -Ораза айты болған  күні жол жиегіне періштелер жиналып,- Ей,мұсылман қауымы,сендерге  толассыз  сыйлық дарытып,игілікті үйіп төгетін шексіз жомарт рахымды болған Раббыларына қарай асығыңдар.

Сөзсіз сендерге күндіз ораза ұстауды бұйырды.Сендер мүлтіксіз атқардындар.Сендерге түнде тұруды бұйырды,сендер түнде де бос жібермедіндер.Сендер Раббыларына бойұсындындар.Сый сияпаттарынды алындар.-деп,дабыстайды.Айт намазы оқылып болған соң,тағы да көктен бір дауыстаушы; -Туралық тапқан күйде үйлеріне қайтындар.Сөзсіз  Алла сендердің күналарынды кешірді.Бұл күн көктегілерде сый сияпат күні болып аталды-деп дауыстайды.(Хадисті имам Табарани жеткізді)Міне осы мереке күні кеше бүкіл жер шарынан түпкір түпкірінде тойланды.Біздің ауданда да бұл күн мерекеленді.Таңғы сағат 7,00-де аудан мешіттерінде мұсылман жамағаттары жиналып,айт намазын оқыды.Орталық аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітіне аудан әкімі Құлекеев Батырбек Әбдірәсілұлы бастаған аудан басшылары жиылып келіп,айт намазына қатысты. Аудан әкімі  Құлекеев Батырбек жамағатты ораза айтпен құттықтап,елге ауызбіршілік,береке,молшылық,тыныштық тіледі.

Айт намазынан соң,тоқсанға келген ел қариясы Смайлов Сейтқұл бата берді.Ораза сыйлығынан үміткер ел жасы бар қариясы бар,осылайша айт күнін ықыласпен қарсы алып,риясыз дұға тілектерімен тарқасты.Айт мерекесінде  айттауды ел қариялары аудан әкімі Құлекеев Батырбектің киіз үй тігіп,арнайы жайылған дастарханынан бастады.Аудан басшысының бастаған бұл игі бастамасын қоштаған қариялар ақ баталарын беріп, елдің амандығын,тоқшылығын тіледі.Айт күнінің құрметіне аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жағдай тұрмысы төмен отызға жуық отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық жасалды.Ұн,күріш,макарон,вермешель,шекер,шиті май,шай,тұз сияқты күнделікті тұтынатын азық-түліктен азын аулақ болса да көмектер жасалып,айт күнінде қуандырылды.

Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: