Медресе шәкірттері-алаңда

Медресе шәкірттері-алаңда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында аудан аумағындағы медресе шәкірттері,яғни, Жалпақтөбе ауылындағы «Тұрғани», Қаракемердегі «Қаракемер», Құмтүйін елді мекеніндегі «Ботабай», Бесағаш ауылдық округінен «Бесағаш», Оқтябрь-Жеміс ауылындағы «Уали Халфе» және аудан орталығындағы «Бәйдібек» мешіттері жанындағы медреселердің 60 шәкірті ауданның бас имамы Ғайырфулла Әмірбековтың ұйымдастыруымен Аса ауылының шағын футбол алаңынана табылып, жолдастық кездесу өткізді.

Ойынның ашылу салтанатында ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетов пен Ғайырфулла Әмірбеков имандылыққа, спортқа бет бұрған ауылдың қара домалақ балаларына сәттілік тіледі.

Жолдастық кездесудің қорытындысында бірінші орынды «Қаракемер» мешітінің шәкірттіері иеленсе, екінші орынға «Ботабай» мешітінің жастары ие болды. Үшінші орыннан бесағаштықтар көрінді. Төртінші орынды «Тұрғани» медресесінің шәкірттері қанағат тұтты.

Қызықтыда тартымды өткен ойынға қатысқан 60 ойыншыға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Қазақстан Діни басқармасы атынан «Ақ бота» және «Даналық сөдер» жазылған таспа, бағалы сыйылықтар мен Алғыс хат табыстады

         Жамбыл аудандық «Жас Отан»  Жастар қанаты

ұйымының атқарушы хатшысы А.Темірбек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: